Қазақстан жасанды жаңбыр технологиясын іске қосты

Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып жасанды жаңбыр технологиясын тәжірибеге енгізді. 16 мамырда Түркістан қаласында жасанды жауын-шашынды молайту жобасын іске қосу рәсімі өтті.
Қазақстанның цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұл технологияның көмегімен жауын-шашын мөлшерін табиғи жағдаймен салыстырғанда 10–20 пайызға дейін арттыруға болады. Ол үшін атмосфераға әсер ететін арнайы әдістер қолданылады.
Жоба су тапшылығын азайтуға, су қоймаларын толтыруға және ауыл шаруашылығы жерлерін суару мүмкіндігін жақсартуға бағытталған. Ресми өкілдердің айтуынша, бастама 911 мың гектардан астам егістік алқабында құрғақшылықтың әсерін азайтуға қызмет етеді.
Болжам бойынша, жасанды жаңбыр жобасы ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, Қазақстан экономикасына жылына орта есеппен 35 миллиард теңгеге дейін қосымша пайда әкелуі мүмкін.




















Пікірлер 0
…