АҚШ Green Card алғысы келетін шетелдіктерге жаңа талап қойды

АҚШ-та Green Card алу тәртібіне қатысты жаңа ереже жарияланды. Енді иммиграциялық мәртебесін өзгерткісі келетін шетелдіктер өтінішті АҚШ ішінде емес, өз елінде жүріп тапсыруы керек.
АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметінің мәліметінше, өтініштер Мемлекеттік департаменттің ресми сайты арқылы шетелден жіберілуі тиіс. Елде уақытша жүрген және тұрақты тұру құқығын алғысы келетін тұлғалардың отанына қайтуы талап етіледі.
АҚШ Ішкі қауіпсіздік департаменті бұл шешім иммиграциялық жүйені заңды тәртіппен жүргізуге және қолданыстағы олқылықтарды пайдалану жағдайларын азайтуға бағытталғанын білдірді.
Алайда мигранттар мен босқындарға көмектесетін HIAS ұйымы бұл саясатты сынға алды. Олардың пікірінше, жаңа тәртіп адам саудасының құрбандары мен зорлық-зомбылықтан қашқан балалар үшін қауіп төндіруі мүмкін.












Пікірлер 0
…