date

Лифтідегі күтпеген жағдай: пауэрбанк кенеттен жанып кетті

Лифтідегі күтпеген жағдай: пауэрбанк кенеттен жанып кетті

Ресейдің Сургут қаласында ерекше әрі қауіпті жағдай орын алды. Лифтіге енді ғана кірген қыздың сөмкесіндегі пауэрбанк (портативті қуаттау құрылғысы) кенеттен жанып кетті.

Оқиға 21 мамырда болды және лифті ішіндегі бақылау камерасына толығымен түсіп қалды. Кадрлардан көрінгендей, қыз лифтіге кіріп, қажетті қабаттың түймесін басқан сәтте оның сөмкесінен түтін мен от шыға бастаған.

Жағдайды тез түсінген қыз сөмкесін дереу өзінен алыстатып, жерге лақтырды. Біраз уақыттан кейін лифті есіктері ашылып, ол аман-есен сыртқа шығып үлгерді.

Аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, бұл оқиғада қыз зардап шеккен жоқ. Мамандар мұндай жағдайлар көбінесе сапасыз немесе зақымдалған батареясы бар пауэрбанктерде болатынын ескертеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Лифтідегі күтпеген жағдай: пауэрбанк кенеттен жанып кетті