Жер сілкінісінен кейін долларға толы сейф табылды

Венесуэлада болған күшті жер сілкіністерінен кейін құтқару жұмыстары жалғасып жатқанда, күтпеген олжа көпшіліктің назарын аударды. Ла-Гуайра штатындағы Плайя-Гранде ауданында қираған тұрғын үйлердің арасынан іші АҚШ долларларына толы делінген сейф табылды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда сейфтің айналасында шашылып жатқан доллар купюралары көрсетілген. Бұл кадрлар қысқа уақыт ішінде қызу талқыланып, түрлі болжамдар мен пікірталастарға себеп болды.
Жергілікті тұрғындар кейбір құтқару жұмыстарына қатысқан адамдар мен қызметкерлер ақшаларды жинап алғанын, алайда оларды ресми түрде тіркеу немесе тиісті органдарға тапсыру үдерісі жүргізілмегенін мәлімдеуде.
Әзірге Венесуэла билігі сейф ішіндегі қаражаттың нақты мөлшері, оның кімге тиесілі екені және шығу тегі туралы ресми қорытынды немесе қосымша ақпарат берген жоқ. Осы жағдайға қатысты тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.



















Пікірлер 0
…