Ауғанстан халқының саны ресми түрде жарияланды

Дүниежүзілік халық күніне орай Ауғанстанның Ұлттық статистика және ақпарат басқармасы (GSIA) елдің жаңартылған демографиялық көрсеткіштерін жариялады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Ауғанстан халқы 37,2 миллион адамға жетті. Бұл өткен жылғы 36,4 миллион көрсеткішпен салыстырғанда 800 мың адамға немесе 2,2 пайызға көп. Халықтың 51 пайызын ерлер, 49 пайызын әйелдер құрайды.
Есепке сәйкес, ел халқының негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Жалпы халықтың 70 пайызы немесе шамамен 26 миллион адам ауылдарда өмір сүреді. Қала халқы 9,8 миллион адамды (26 пайыз) құраса, 1,5 миллионға жуық азамат (4 пайыз) көшпелі өмір салтын ұстанады.
Өңірлер бойынша Кабул халқы ең көп облыс болып қала береді. Елорда аумағында 6,4 миллион адам тұрады. Одан кейінгі орында Герат облысы орналасқан, онда 2,4 миллион адам өмір сүреді.



















Пікірлер 0
…