date

Vision BMW Alpina: Жаңа дәуірдің алғашқы сәнді купесі таныстырылды

Vision BMW Alpina: Жаңа дәуірдің алғашқы сәнді купесі таныстырылды

2026 жылы ресми түрде BMW Group құрамына кірген Alpina компаниясы жаңа дәуірдің алғашқы автокөлігі — Vision BMW Alpina концептісін көрсетті. Бұл сәнді купе брендтің дәстүрлі құндылықтары болып табылатын жоғары динамика мен жайлылықтың үйлесімін бойына сіңірген. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Автокөліктің ұзындығы 5,2 метрді құрап, BMW 5 Series және 7 Series модельдерінің арасындағы орынды иеленеді. Капот астындағы V8 қозғалтқышы туралы нақты техникалық мәліметтер жарияланбаса да, өндіруші оның өзіне тән терең әрі айбынды дыбысқа ие болатынына уәде береді.

Сыртқы пішінінде BMW-ға тән жарықтандырылған үлкен «мұрын» торлары, «акула мұрны» стиліндегі алдыңғы бөлік және 1971 жылдан бері брендтің визит карточкасына айналған 20 спицалы дөңгелектер назар аудартады. Алдыңғы дөңгелектер 22, артқылары 23 дюймдік өлшемде жасалған.

Салон бөлігі сериялық өндіріске дайын дерлік көрінеді. Интерьерде Panoramic iDrive жүйесі, жолаушыға арналған жеке экран және минималды деңгейдегі физикалық түймелер орын алған. BMW Group Design басшысы Адриан ван Хойдонктың айтуынша, жаңа модель Alpina автокөліктеріне тән жылдамдық пен жайлылық тепе-теңдігін сақтап қалады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Vision BMW Alpina: Жаңа дәуірдің алғашқы сәнді купесі таныстырылды