date

Жан басына шаққандағы қызметтер: ең жоғары және ең төменгі аймақтар белгілі болды

Жан басына шаққандағы қызметтер: ең жоғары және ең төменгі аймақтар белгілі болды

Өзбекстан Республикасы Ұлттық статистика комитеті 2025 жылдың январь-август айларындағы халыққа көрсетілген нарықтық қызметтер көлемі туралы жаңартылған мәліметтерді жариялады. Оған сәйкес, ел бойынша жан басына шаққандағы қызметтердің жалпы көлемі 16,7 миллион сумды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайызға өскен.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары нәтиже Ташкент қаласында тіркелді - 76,6 миллион сум. Бұл көрсеткіш елдегі орташа деңгейден шамамен 5 есе жоғары.

Өңірлер бойынша жан басына шаққандағы көрсетілген қызметтер көлемі:

  • Ташкент қаласы - 76,6 млн сум
  • Науаи облысы - 14,1 млн сум
  • Ташкент облысы - 13,6 млн сум
  • Бұхара облысы - 12,4 млн сум
  • Самарқант облысы - 10,4 млн сум
  • Хорезм облысы - 10,6 млн сум
  • Қарақалпақстан Р. - 10,3 млн сум
  • Ферғана облысы - 10,1 млн сум
  • Наманган облысы - 10,2 млн сум
  • Жызақ облысы - 9,5 млн сум
  • Әндіжан облысы - 9,3 млн сум
  • Сырдария облысы - 9,3 млн сум
  • Қашқадария облысы - 8,8 млн сум
  • Сұрхандария облысы - 7,1 млн сум (ең төменгі көрсеткіш)
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Жан басына шаққандағы қызметтер: ең жоғары және ең төменгі аймақтар белгілі болды