date

Anthropic компаниясының құны 1 триллион долларға жетті

Anthropic компаниясының құны 1 триллион долларға жетті

Жасанды интеллект саласында қызмет ететін Anthropic компаниясы қайталама нарықта 1 триллион долларға бағаланды. Business Insider басылымының мәліметінше, Claude чат-ботын жасап шығарған бұл стартап құны жағынан өзінің негізгі бәсекелесі OpenAI компаниясынан асып түсті.

Қазіргі уақытта OpenAI компаниясының нарықтық құны 880 миллиард долларға тең деп есептеледі. Anthropic акциялары әзірге ашық саудаға шығарылмаған, үлестер тек компанияның қазіргі және бұрынғы қызметкерлері мен алғашқы инвесторлардың қолында сақталып отыр.

Компания құнының күрт өсуі соңғы екі ай ішінде байқалды. Бұған дейін Anthropic 380 миллиард долларға бағаланған болатын.

Сарапшылар мұндай өсімді мемлекетпен жасалған келісімшарттармен және Claude Mythos жобасының жабық таныстырылымымен байланыстырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Anthropic компаниясының құны 1 триллион долларға жетті