date

Шавкат Мирзиёев БҰҰ-Хабитат атқарушы директорымен кездесті

Шавкат Мирзиёев БҰҰ-Хабитат атқарушы директорымен кездесті

Дүниежүзілік урбанизация форумы аясында 18 мамырда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасының (БҰҰ-Хабитат) атқарушы директоры Анаклаудия Россбахпен кездесу өткізді. Бұл туралы Uzdaily.uz хабарлайды .

Кездесуде қалаларды тұрақты дамыту, қала инфрақұрылымын жетілдіру және қала құрылысы саласында заманауи тәсілдерді енгізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, өткен жылы Самарқанд климаттық форумы аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуы қаралды.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, соның ішінде бірлескен «жол картасын» дайындаудың, салалық жобаларды ілгерілетудің және сарапшылар арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Әңгіме барысында Өзбекстан Президенті Дүниежүзілік урбанизация форумында ұсынған бастамаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Шавкат Мирзиёев БҰҰ-Хабитат атқарушы директорымен кездесті