85 жастағы ресейлік актер Вениамин Смеховтың артық салмағынан жүрегіне байланысты проблемалар анықталды. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, "Д'Артаньян және үш мушкетер" фильмінде Атос рөлін сомдаған әртіс серуендеу кезінде ентігу мен аритмияға шағымданып, дәрігерге жүгінген.
Тексеру кезінде бірнеше жыл бұрын орнатылған жүрек стенді сау болып шықты, бірақ мамандар Смеховқа шұғыл түрде салмақ тастауды ұсынды. Сондай-ақ, сүйектерді нығайту үшін дәрумендер қабылдау керектігі айтылған.
Еске салайық, 2024 жылы актер иығына ота жасатып, содан кейін қимыл-қозғалысын қалпына келтірген. Оның иығы бірнеше жыл бұрын әйелі кездейсоқ үстіне құлағаннан кейін дұрыс бітпегені белгілі.
Вениамин Смехов - театр мен киноның көрнекті өкілі, IV дәрежелі "Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапатталған. Ол қазір де сахналаумен және кітап жазумен айналысады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!