Түрік әншісі Риза Тамер қайтыс болды

"Benden Sonra," "Benim Yerime," "Yan" және "Adam Olmaz" сияқты әндерімен көптеген жанкүйерлердің назарын аударған түрік әншісі Риза Тамер 17 сәуірде 42 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Хурриет хабарлады.
Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Бодрумдағы үйінде өзін нашар сезінген әнші ауруханаға жеткізілген, бірақ барлық талпыныстарға қарамастан оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оның жағдайы рецепт бойынша қабылданған дәрі-дәрмектерден кейін нашарлаған. Өлім жағдайы күмәнді деп танылғандықтан, прокуратура тергеуді бастады. Әншінің өліміне нақты не себеп болғаны сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болатыны атап өтілді.
Әзірге ресми органдар түпкілікті қорытындыны жариялаған жоқ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз