SpaceX-тің үлкен жоспары Маскты әлемдегі алғашқы триллионерге айналдыруы мүмкін

Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионерге айналуы мүмкін. The Guardian мәліметінше, бұл SpaceX компаниясының акцияларын алғашқы рет халыққа ұсыну сәтті өтсе жүзеге асуы ықтимал.
Басылымның хабарлауынша, SpaceX IPO арқылы шамамен 75 миллиард доллар тартуды жоспарлап отыр. Бұл үдеріс келесі апталарда жүзеге асуы мүмкін екені айтылуда.
Компания әр акцияны 135 доллардан сатып, жалпы 555,6 миллион дана акцияны орналастыруды көздеген. Егер жоспар орындалса, SpaceX-тің нарықтық құны 1,77 триллион долларға жетуі мүмкін.
The Guardian бұл жағдай қор нарығы тарихындағы ең ірі IPO болуы мүмкін екенін атап өтті. Масктың SpaceX-тегі үлесі оның байлығын рекордтық деңгейге шығаруы ықтимал.



















Пікірлер 0
…