date

Елликқалала қарыз алып бермей жүрген адамның қарызы МИБ арқылы өндірілді

Елликқалада қарызын бермей жүрген адамның қарызы МИБ арқылы өндірілді

Азаматтық істер бойынша Беруний ауданаралық сотының 2025-жылдың 29-мамыр күнгі орындау қағазына сәйкес қарызкер Е.М.-нен өндіріп алушы Ю.Ж.-нің пайдасына 77,6 млн. сом өндіріп алу белгіленген.

Аталған орындау құжаты Бюроның Елликқала аудандық бөлімі іс жүргізуіне келіп түсіп, бөлім қызметкерлері тарапынан орындау әрекеттері жүргізілген.

Атап айтқанда, сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бөлім қызметкерлері қарызкердің Узбекистан Республикасынан шығу құқығына шектеу қойып, оған тиесілі жылжымайтын мүліктің басқаға өткізілмеуі үшін мүлікке тыйым салынған.

Нәтижесінде, қарызкер тарапынан қарыз осы жылдың 9-қазан күні 6000 АҚШ доллары түрінде төленген.

Сондықтан өндіріп алушы осы орындау ісін тоқтатуды сұрап, Бюроның Елликқала аудандық бөліміне жүгінген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Елликқалала қарыз алып бермей жүрген адамның қарызы МИБ арқылы өндірілді