date

Пахтакор станциясында әйелге қырындаған 23 жастағы жігіт қамауға алынды

Пахтакор станциясында әйелге қырындаған 23 жастағы жігіт қамауға алынды

Ташкент метросында жолаушы әйелге қатысты өрескел әрекет жасаған жігіт әкімшілік жазаға тартылды.

Мәліметтерге қарағанда, 2002 жылы туған С.Б. 2025 жылдың 20 сентябрь күні "Пахтакор" бекетінен "Халықтар достығы" бағыты бойынша келе жатқанда А.Д. есімді әйелдің белінен төмен тұсын ұстап, қоғамдық орында сексуалды түрде қудалаған.

Ташкент қаласының Шайхантохур аудандық әкімшілік сотында іс қаралып, ол өз әрекетін мойындап, істеген істеріне өкінетінін айтты. Сонымен қатар, ол соттан жеңіл жаза сұраған.

Сот шешіміне сәйкес, С.Б. Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 411-бабы 1-бөлігі ("Қоғамдық орындағы сексуалды алымсақтық") бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жігіттің әрекеті қоғам арасында да өткір сынға ұшырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Пахтакор станциясында әйелге қырындаған 23 жастағы жігіт қамауға алынды