date

Тәжікстанға заңсыз ақша алып өту әрекеті әшкереленді

Тәжікстанға заңсыз ақша алып өту әрекеті әшкереленді

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Кеден органдарының қызметкерлері Ташкент облысында тағы бір ірі заңсыз валюта операциясының жолын кесті, деп хабарлады dxx.uz.

Ақпаратқа қарағанда, Бекабад қаласында орналасқан "Фарход" шекаралық кеден бекетінде жүргізілген жедел іс-шара нәтижесінде, ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны Тәжікстан Республикасына заңсыз жолмен алып өтуге әрекет жасалғаны әшкереленген.

Тексеру барысында Бекабад қаласында тұратын 1991 жылы туған азамат 18 миллион 680 мың 300 Ресей рублі, 140 мың 700 тәжік саманы және 180 миллион сумды шекара арқылы заңсыз өткізуді жоспарлағаны анықталды. Ол бұл қаражатты бөліктерге бөліп, тасымалдау үшін 34 азаматқа бөліп берген. Олардың әрқайсысы материалдық пайда үшін ақшаны Тәжікстанға жеткізуді мойнына алған.

Алайда, жедел уәкілдер жүргізген бақылау нәтижесінде барлық қатысушылар "Фархад" бекетіне кіру кезінде ұсталды. Жағдай тиісті құжаттармен рәсімделді.

Сондай-ақ, операция барысында айыпталушыға тиесілі "Трекер" маркалы автокөлігі де тексерілді. Автокөліктің ішінде арнайы орамдарға салынған тағы 13 миллион 538 мың 305 рубль, 24 мың 107 тәжік саманы, 885 еуро, 300 АҚШ доллары, 300 қытай юаны, 6840 қырғыз сомы және 10 миллион 207 мың сум табылды. Барлық ақша заттай дәлел ретінде тәркіленді.

Өткізілген шарада тәркіленген ақшалай қаражаттардың жалпы құны ұлттық валютада 5 миллиард 200 миллион сумнан астамды құрады. Бұл жағдай елдің қауіпсіздігі мен қаржы заңнамасын бұзудың елеулі көрінісі ретінде бағаланды.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша негізгі ұйымдастырушы - Бекабад қаласының азаматына қатысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 182-бабы 2-бөлігі "а" тармағы (валюта құндылықтарын заңсыз жолмен алып кету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен оған "қамауға алу" шарасы қолданылды.

Тергеу барысында заңсыз ақшаның шынайы иелері мен олардың шекара сыртындағы серіктестері анықталуда. Тиісті құқық қорғау органдары бұл бойынша қосымша тексерулерді жалғастыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Тәжікстанға заңсыз ақша алып өту әрекеті әшкереленді