date

Қазақстанда құрылысшылар шағымданушыларды айыппұлға тартқан


Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Хабарламада айтылғандай, комитет қызметкерлері "Golden House Property Group" құрылыс компаниясының қызметін зерттеген.

Бұл әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтары бұзылғаны жөнінде хабарлар тарағаннан кейін жүргізілген. Анықталғандай, құрылыс компаниясы тұтынушылармен жасалған келісімшарттарда өз бастамасымен шартты бұзған клиенттерден 10% көлемінде айыппұл ұстап қалуды белгілеген.

Сонымен қатар, компанияға қатысты әртүрлі органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарына шағымданғаны үшін де дәл осындай айыппұл белгіленген. Бұл ережелер компания бизнесі мен абыройына зиян келтіретінімен түсіндірілген.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты комитет Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 4, 6, 21 және 23-баптарының талаптары негізінде "Golden House Property Group" ЖШС-ға заң бұзушылықтарды ерікті түрде жою жөнінде нұсқама берген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Кәсіпкерлік еркіндіктер кепілдіктері туралы" заңының 9-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері бәсеке және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң талаптарын орындауы тиіс.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Қазақстанда құрылысшылар шағымданушыларды айыппұлға тартқан