date

Ташкентте жыныстық қызмет көрсеткен әйел жазаланды


Навоий облысында туған әйел жезөкшелікпен айналысқаны үшін жазаланды. Бұл туралы Өзбекстан Жоғарғы сотының ресми сайтында хабарланды.

2023 жылғы 28 қазан күні шамамен сағат 20:00-де ішкі істер органдары қызметкерлері Ташкент қаласы Бектемір ауданында орналасқан "B H" қонақүйінің аумағында 1992 жылы туған әйелдің жезөкшелікпен айналысып жатқанын анықтады. Белгілі болғандай, әйел ажырасқан және бір баласы бар.

Ол бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бектемір ауданы қылмыстық істер жөніндегі сотының шешіміне сәйкес, әйел Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің "Жезөкшелікпен айналысу" бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды.

Оған 5 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, әйел арнайы қабылдау орнында ұсталуы үшін 309 000 сом көлемінде төлем жасауы қажет болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкентте жыныстық қызмет көрсеткен әйел жазаланды