date

Жыззахта балалар бақшасында қыз бала суға батып қайтыс болды


Жиззах облысы Мирзачөл ауданындағы "Мейірлі жұлдыз" жекеменшік балалар бақшасында 24-қазан күні 1,5 жастағы қыз бала суға батып қайтыс болды. Бұл туралы Жиззах облысы Мектепке дейінгі және мектеп білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 5-мамырында туған Х.Ф.Д. есімді бала бақша аумағында қараусыз қалған.

Ол түскі асқа жиналу кезінде топтан алыстап, су толтырылған бассейнге түсіп кеткен және су жұтып, қаза тапқан. Тәрбиеші жалғыз өзі 26 баланы қарағанын мәлімдеген.

Қаза болған қыздың анасының айтуынша, баласын бір ай бұрын осы бақшаға берген және болған оқиғаны "жабуға" тырысқан. Мектепке дейінгі және мектеп білім басқармасы тарапынан қажетті қызметтік тексерулер жүргізілуде.

Аталған жағдай бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Жыззахта балалар бақшасында қыз бала суға батып қайтыс болды