date

Жиззақта алимент төлеуден қашқан әке табылды

Жиззақта алимент төлеуден қашқан әке табылды
Жиззақ облысы Мәжбүрлі орындау бюросы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, балаларына қарау үшін алимент төлеуден бас тартып келген ер адам табылды. Белгілі болғандай, осы азаматтың алимент қарызы 40 миллион сомнан асып кеткен.

Мәжбүрлі орындау бюросының Жиззақ қалалық бөлімшесі іздеуде жүрген ер адамды орталық базар аумағында, ерте таңғы уақытта спирттік ішімдік ішіп жатқан кезінде қолға түсірген. Қызықтысы, мас күйдегі ер адам өзін ақтап: «Қазір 40 миллионды төлер едім, бірақ жанымда ақша жоқ», — деп мәлімдеген.

Тексеру барысында, осы азаматтың спирттік ішімдікке әуестігі отбасының бұзылуына себеп болғаны, әйелімен ажырасқаннан кейін балаларымен мүлде қызықпағаны анықталды. Қазіргі кезде орындау шаралары жалғасуда.

Егер ер адам қарызын алғашқы рет төлемесе, оған қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданады. Егер алимент төлеуден қашуды жалғастырса, келесі ретте оған қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Жиззақта алимент төлеуден қашқан әке табылды