date

Қоқанда тәртіпсіздік туралы жалған ақпарат таратқандар жазаланды

Қоқан'qonda tartibsizlik haqida yolg'on tarqatganlar jazolandi

Ферғана облысы ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қоқанда Жаңа жыл түні болған-мыс деген жаппай тәртіпсіздіктер туралы жалған ақпарат таратқан тұлғалар анықталды. Бұл туралы upl.uzхабарбереді.

Ішкі істер органдары әлеуметтік желілерде тараған видеолар мен хабарламалар бойынша тексеру жүргізді. Тексеру барысында төрт азамат жол қозғалысын бөгеп, түрлі пиротехникалық құралдарды қолданғаны және мұны қатты айқаймен «шоуға» айналдырғаны белгілі болды. Олар оқиғаны видеоға түсіріп, Instagram парақшаларына жариялаған әрі Telegram арқылы таныстарына жіберіп, мұны қаладағы жаппай тәртіпсіздік ретінде көрсеткен.

Оқиға бойынша құқық бұзушыларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «ұсақ бұзақылық», «пиротехникалық құралдардың заңсыз айналымы» және «жалған ақпарат тарату» баптары бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Олар 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Қоқанда тәртіпсіздік туралы жалған ақпарат таратқандар жазаланды