date

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды Ташкент қаласынан тыс жерлерге көшіру басталды

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды Ташкент қаласынан тыс жерлерге көшіру басталды

Ташкент қаласының Янгихаёт ауданында қайталама түсті металдарды жинау, қайта өңдеу және өндіруге мамандандырылған "Узиккиламчиранглиметалл" ("Узвторцветмет") кәсіпорны қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау мақсатында Жызақ облысындағы өнеркәсіптік аймаққа көшірілетін болды. Бұл туралы Экология және климаттың өзгеруі ұлттық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өзбекстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 январьдағы "Өзбекстан-2030" стратегиясын "Қоршаған ортаны қорғау және "жасыл экономика" жылында жүзеге асыруға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" No16 жарлығына сәйкес, елімізде экологиялық қауіпті және энергияны көп тұтынатын өндіріс орындарын жаңғырту және оларды кезең-кезеңімен қала сыртына көшіру бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылуда.

Бір өнеркәсіптік кәсіпорынды астана аумағынан тыс жерлерге көшіру жылына 226 тоннадан астам шығарындыны азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл құжатта жауапты ұйымдармен бірлесіп Ташкент және Нөкіс қалалары, сондай-ақ облыс орталықтарынан асбест және цемент өнеркәсібі, былғары-аяқ киім және құс шаруашылығы, қара және түсті металлургия, сондай-ақ энергияны көп тұтынатын басқа да салаларға жататын кәсіпорындарды көшіру бойынша негізделген ұсыныстар әзірлеу көзделген.

Атап айтқанда, Ташкент қаласында қызметі осы талаптарға сай келетін 87 кәсіпорын бар, оларды көшіру қолданыстағы өндірістік қуаттарды жаңғырту және технологиялық үдерістерді заманалық экологиялық стандарттарға сәйкестендіру шартымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы жоспарланған," - делінген комитеттің баспасөз қызметі хабарламасында.

Белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Арнайы комиссия өнеркәсіптік нысандарда тұрақты түрде рейдтік тексерулер жүргізілуде. Атап айтқанда, Ташкент қаласының Янгихаёт ауданындағы Оңтүстік өнеркәсіп аймағында екіншілік түсті металдарды жинау, қайта өңдеу және өндіруге маманданған "Узиккиламчиранглиметалл" АҚ қызметі тексерілді. Бұл кәсіпорын экологиялық қауіптіліктің 1-санатына жататын нысан болып табылады.

2025 жылдың октябрь айында жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша қоршаған ортаны ластау фактілері анықталды. Кәсіпорынға мәжбүрлі нұсқама беріліп, келтірілген экологиялық залал үшін 18 миллиард 91 миллион 717 мың 137 сум көлемінде өтемақы есептелген.

Арнайы комиссияның шешімі мен Экология және климаттың өзгеруі ұлттық комитетінің нұсқауларына сәйкес, қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау мақсатында кәсіпорын Жызақ облысындағы өнеркәсіптік аймаққа көшіріледі және Янгихаёт ауданы аумағында өндірістік қызметін тоқтатады.

Өтемақы төлемдері бойынша берілген жеңілдіктер есебінен ескірген және экологиялық зиянды балқыту пештері жойылады және кәсіпорын қызметін заманалық экологиялық талаптарға толық жауап беретін, технологиялық тұрғыдан жетілдірілген қондырғыларда жалғастырады.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде жылына орта есеппен 226,7 тонна зиянды заттардың атмосфераға шығарылуының алдын алу күтілуде. Бұл Ташкент қаласының Янгихаёт ауданында ауа сапасының айтарлықтай жақсаруына қызмет етеді," - делінген комитет хабарламасында.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Өнеркәсіптік кәсіпорындарды Ташкент қаласынан тыс жерлерге көшіру басталды