Қарақалпақстанда әйел пойыздың астында қалып қаза болды

Қарақалпақстанда теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өту ауыр қайғыға себеп болды Өтуге арналмаған нүктеден өтпек болған әйел жолаушы пойызының астында қалып оқиға орнында қаза болған
“Ўзбекистон темир йўллари” АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 2026 жылғы 22 қаңтар күні Гидроузел және Нүкіс станциялары аралығында болған Мәлім етілуінше жәбірленуші теміржолдан рұқсат етілмеген жер арқылы өтуге ұмтылған және жолаушы пойызы қозғалысы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған
“Жәбірленуші жол қозғалысы ережелерін бұзып өз қауіпсіздігіне жеткілікті назар аудармаған Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның мән жайын зерделеп жатыр” делінеді ресми ақпаратта
Компания азаматтарға теміржолдарды тек белгіленген өту орындарынан кесіп өту ескерту белгілері мен ережелерді қатаң сақтау қажеттігін тағы бір рет еске салған Хабарда қай бағытта жүріп келе жатқан жолаушы пойызы қатысқаны жөнінде нақты мәлімет берілмеген
Еске саламыз қаңтар айының басында Хорезм облысының Шовот ауданында да осындай жағдай байқалған бағдаршам және жол белгілері талаптарын сақтамай теміржолды кесіп өткен Cobalt автокөлігін пойыз соғып жүргізуші дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған еді