date

Бухарада хайп үшін адамды асып, жарнама түсіргендер жазаланды.

Бухарада хайп үшін адамды асып, жарнама түсіргендер жазаланды.

Бухоро облысында әлеуметтік желілерде “шу-шу” шығару ниеті тағы да қоғамды дүр сілкіндірді. Пешку ауданындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде Instagram үшін қойылым видео түсіріліп, онда азаматты аяғынан асып қойған, ал “қасапшы” рөліндегі адам оның айналасында пышақ қайрап тұрғаны көрсетілген.

Қысқа уақыт ішінде тарап кеткен бұл көріністер адамдар арасында қатты наразылық пен өткір талқылауларға себеп болды. Облыстық Ічки ишлар бошқармасының мәліметінше, ролик канал әкімшісі мен қоғамдық тамақтану орны иелері өзара келісіммен, клиенттерді тарту және әлеуметтік желіде танымал болу мақсатында дайындалған.

Ресми деректерге қарай, осы “хайп” үшін жасалған әрекеттер жарнама туралы заң талаптарына да, қоғамдық тәртіп пен әдеп-ахлақ нормаларына да қайшы болған.

Жиналған материалдар Пешку ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып, құқықбұзушылар Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің тиісті бабы бойынша кінәлі деп танылды. Нәтижесінде оларға БҲМ-нің 7 есесі мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Айта кету керек, жуырда интернетте өз құқықбұзушылығын таратқандар үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін заң жобасы да бірінші оқылымда қабылданғаны хабарланған еді. Бұл “контент” деп жасалған әр істің де салдары бар екенін тағы бір рет еске салады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Бухарада хайп үшін адамды асып, жарнама түсіргендер жазаланды.