Баходир Жалолов пен қызы Ранияны жақындары салтанатты түрде қарсы алды (видео)

Өзбекстандық кәсіпқой, чемпион боксшы Баходир Жалолов әке болғанын мәлімдеді. Ол бүгін кішкентай қызын үйіне алып келген видеоны өз парақшасына жариялады.
Чемпион посттың астына мынадай жүрекжарды сөздерді жазып қалдырды:
"Бір ғана сезім бар - ол сені мүлдем басқа адамға айналдырады. Бүгін мен сол сезімді сезіндім - әке болу."
Кішкентай қонаққа ата-анасы Рания деп ат қойды. Бұл қуанышты сәтке боксшының барлық жақындары қатысты.
Кішкентай қонақты салтанатты қарсы алу барысында әншілер Айбек пен Нигора "Қызым" атты әндерін орындады. Бұл сюжеттер де олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды.
Әнші Нигора посттың астында: "Чемпионымызға кішкентай періште патшайым құтты болсын," - деп жазып қалдырды.
Бақылаушылар боксшыны құттықтап, жылы да шынайы тілектерін білдіріп жатыр. Олар кішкентай қызға ұзақ өмір, мықты денсаулық пен бақыт тілеп, оның болашақта тақуа, білімді және тіпті әкесі сияқты чемпион болуын тілейді.