date

Самарқандта 70 жастағы азаматтың өлімі бойынша тексеру басталды

Самарқандта 70 жастағы азаматтың өлімі бойынша тексеру басталды

Самарқанд облысы Самарқанд ауданында 70 жастағы азаматтың қайтыс болуына байланысты прокуратура органдары тарапынан тергеуге дейінгі тексеру басталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінің басшысы Ҳаёт Шамсутдинов мәлімдеді.

Марқұмның ұлының айтуынша, II топ мүгедегі болған және соңғы уақытта Альцгеймер ауруымен ауырған әкесі 10 сәуір күні белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Бір тәулік іздестіруден кейін оны Самарқанд қалалық ІІБ қызметкерлері аудандық психиатриялық ауруханаға жеткізгені анықталған.

Бұған наразы болған ұлы әкесін сол күні үйіне алып кетпек болған. Алайда сенбі күні болғандықтан және жұмыс уақыты аяқталғанына байланысты дәрігерлер науқасты тек дүйсенбі күні басшылықтың рұқсатымен шығаратынын айтқан. Дүйсенбі күні үйіне алып кеткен.

“Алайда сол кезде оның жағдайы өте ауыр еді. Ауруханада дәрігерлер әкеме қанға қатты әсер ететін дәрілер берген, ол үйге келгеннен кейін бір тәулік бойы есін жимай жатты. Соның салдарынан 14 сәуір, сейсенбі күні қайтыс болды,” деді ұлы.

Бас прокуратура мәліметіне сәйкес, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жан-жақты және объективті түрде жүргізіліп, нәтижесіне сәйкес заңды шешім қабылданады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Самарқандта 70 жастағы азаматтың өлімі бойынша тексеру басталды