«Әкесі Айт мерекесінде баласын ұрды» деген видеоға түсініктеме берілді

Әлеуметтік желілерде Ангрен қаласында әкенің өз баласын ұрғаны туралы тараған видео қызу талқыға түсті. Ташкент облысының ІІБ бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Мәлім болғандай, оқиға Айт мерекесі күні болған. Әкесі екі баласын саябаққа серуенге шығарған. Қайтар жолда үлкен баласы жолға жүгіріп шықпақ болғанда, әкесі оны тоқтату үшін қолымен ұстап қалған.
Сол сәтте әкенің қолы баланың бетіне тиіп кетіп, мұрны қанаған. Айналадағы адамдар бұл жағдайды дұрыс түсінбей, видеоны әлеуметтік желілерге таратып жіберген.
Тексеру барысында баланың анасы да түсініктеме беріп, күйеуінің балаларына қатысты бұрын-соңды зорлық-зомбылық немесе қысым көрсетпегенін мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары тараған ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын айтып, азаматтарды расталмаған мәліметтерге сенбеуге шақырды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!