date

Гвардиоланың тағдыры Чемпиондар лигасының нәтижесіне байланысты...

Гвардиоланың тағдыры Чемпиондар лигасының нәтижесіне байланысты...

"Манчестер Сити" клубының басшылығы команда бас бапкері Пеп Гвардиоланың болашақ тағдыры туралы байыпты шешімге келгені белгілі болды. Don Balon басылымының хабарлауынша, егер "қалалықтар" Чемпиондар лигасында алға қойған мақсаттарына жете алмаса, испаниялық маман қызметінен босатылуы мүмкін.

Дереккөздердің айтуынша, клуб үшін ең төменгі талап - ширек финалға дейін жету. Егер команда осы кезеңге өте алмаса, Гвардиоламен қоштасу мүмкіндігі күрт артады. Бұл шешім клубтың жоғары амбициялары мен Еуропадағы жетістіктерге ұмтылысымен байланысты.

Қазіргі таңда "Манчестер Сити" топтық кезеңде екі турдан кейін 4 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш әзірге алаңдатарлық емес, бірақ кейінгі түрлердегі нәтижелер шешуші мәнге ие болады. Өйткені "қалалықтардан" тұрақты түрде финалға шығу және жеңістер күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Пеп Гвардиоланың қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Бірақ футбол әлемінде нәтижелер басты критерий екенін ескерсек, келісімшарт мерзімі бапкердің тағдырына кепілдік бере алмайды.

Гвардиола 2016 жылдан бері "Ситиді" басқарып келеді және командамен көптеген жүлделерді жеңіп алды. Дегенмен клубтың басты мақсаты - Чемпиондар лигасында басым болу болып қала береді. Егер осы майданда тағы да сәтсіздік тіркелсе, клуб басшылығы жаңа бағыт таңдауға мәжбүр болуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиоланың тағдыры Чемпиондар лигасының нәтижесіне байланысты...