date

Гвардиола: “Manchester City-де өзімді шын мәнінде еркін сезінемін”

Гвардиола: “Manchester City-де өзімді шын мәнінде еркін сезінемін”

“Манчестер Сити” бас бапкері Хосеп Гвардиола клубтағы жұмысы және “Барселона” мен “Бавариядағы” тәжірибесі туралы айтты. Испаниялық маманның айтуынша, ол қазіргі клубында өзге командаларға қарағанда өзін анағұрлым еркін және сенімді сезінеді.

“Соңғы бір жылда біз көп нәрсені өзгерттік. Бірақ штаб пен ойыншылардың барлығы бір мақсатқа — жеңіске жетуге ұмтылуда. Олардың көзінен жігер мен ынтаны көремін. ‘Барселона’ немесе ‘Баварияда’ қиындықтар туындаса, мені жұмыстан шығарып жібереді деп сезетінмін. Ал ‘Манчестер Ситиде’ мұндай жағдай жоқ”, — деді Гвардиола баспасөз мәслихатында.

Маманның айтуынша, ол әлі де жаңа идеяларға толы, рухани мықты және командасымен бірге одан да жоғары нәтижелерге жете алатынына сенімді. “Өткен маусымға қарағанда жақсы ойнап жүрміз, әр ойында даму байқалады. Бұл маған күш береді, өйткені мұндағы жұмысым әлі аяқталған жоқ. Сол себепті мен әлі де ‘Ситидемін’,” — деп қосты ол.

Гвардиоланың айтуынша, оның басты мақсаты — команданың тұрақты ойынын сақтау және жаңа жеңістердің іргетасын қалау. “Менде және ойыншыларымда күш бар. Біз жаңа маусымды өткен жылдан да жақсы өткізетінімізге сенеміз,” — деді ол.

Айта кетсек, “Манчестер Сити” ағылшын премьер-лигасының жетінші турында 13 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола: “Manchester City-де өзімді шын мәнінде еркін сезінемін”