
Испанияның "Барселона" командасы ұзақ үзілістен кейін алғашқы жаттығуын "Камп Ноу" стадионында өткізеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
2022 жылдан бері стадионда қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан еді және команда үйдегі кездесулерін басқа стадионда өткізіп келген болатын. Жөндеу жұмыстары әлі толық аяқталмаса да, "Барселона" енді бұл стадионда ойын өткізуге рұқсат алды.
Қазіргі таңда стадионда 26 мың көрермен сыйымдылығымен ойын өткізуге лицензия берілген. Клуб басшылығы бұл лимитті 45 мыңға дейін арттыруды күтуде.
Команданың 7 қарашаға жоспарланған жаттығуы жанкүйерлер үшін ашық болады. Билеттер бағасы клуб мүшелері үшін 5 еуро, басқа көрермендер үшін 10 еуро болып белгіленген.
Жаттығудан түсетін барлық қаражат қайырымдылық мақсаттарына бағытталады.
Барселона қайтадан Камп Ноуға оралды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз