date

Тотти: "Рома" Чемпиондар лигасына қайтады деп үміттенемін


Римнің "Рома" клубының бұрынғы шабуылшысы және капитаны Франческо Тотти команданың маусымды сәтті бастағаны туралы пікір білдірді. Ол римдіктердің Еуропаның ең беделді және табысты клубтық жарысы – Чемпиондар лигасына қайта оралуына үміт білдірді.

Ол үшін команда маусымды алғашқы төрттікте аяқтауы керек. Алайда Тотти бұл жолда сақтықты ұмытпауға шақырды.

"Рома" маусымды жақсы бастады, бұл мені қуантады. Бірақ қазірдің өзінде көрсеткіштер туралы айтуға ерте.

Тұрақтылықты сақтау қажет. Үміттенемін, "Рома" Чемпиондар лигасына қайта оралады", – деді Тотти derbyderbyderby.it сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Франческо Тотти өзінің футболшылық мансабын 2017 жылы аяқтаған болатын.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Тотти: "Рома" Чемпиондар лигасына қайтады деп үміттенемін