date

Масалитинден Сафоновқа кеңес

Масалитиннен Сафоновқа кеңес
Мәскеудің ЦСКА клубының бұрынғы футболшысы Валерий Масалитин Ресей құрамасы мен ПСЖ қақпашысы Матвей Сафоновтың болашағы туралы пікір білдірді. "Әрине, Сафоновқа Еуропада қалу дұрыс болар еді, егер ұсыныстар болса.

Германия немесе Испанияны қарастыруына болады. Білмеймін, ол қазір Англияға кете ала ма, бәлкім ол жақтан ұсыныстар түспес.

Португалияның үздік үштік клубтарын да нұсқа ретінде қарастыруға болады", – дейді Масалитин "Газета.Ru" басылымына. Еске салайық, Сафоновтың ПСЖ клубынан кетуі туралы қауесеттер жаздан бері жалғасып келеді.

Әзірге ресейлік қақпашы биылғы маусымда Луис Энрике басқаратын команда сапында бірде-бір матчқа шыққан жоқ. Оның негізгі бәсекелесі — "Лилль" клубынан 40 миллион еуроға сатып алынған Люка Шевалье болып табылады.

Масалитиннің айтуынша, Сафоновтың қазіргі жағдайы ПСЖ клубында өзіне ыңғайлы да болуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Масалитинден Сафоновқа кеңес