date

FIFA марапаты үшін 7 бапкер үміткері


FIFA тарапынан табыс етілетін "The Best" сыйлығының "Жылдың ең үздік бапкері" номинациясы бойынша үміткерлер жарияланды. 2025 жылдың ең үздік бапкері атағы үшін жеті үміткер таласады.

Төменде олардың тізімін көре аласыз: - Хавьер Агирре (Мексика ұлттық құрамасы), - Микель Артета ("Арсенал"), - Луис Энрике ("ПСЖ"), - Ханс-Дитер Флик ("Барселона"), - Энцо Мареска ("Челси"), - Арне Слот ("Ливерпуль"), - Роберто Мартинес (Бельгия ұлттық құрамасы). Еске сала кетейік, Луис Энрике қыркүйек айында "Алтын доп" марапаттау рәсімінде жылдың ең үздік бапкері атағына ие болған еді.

Оның жетекшілігіндегі "ПСЖ" командасы 2024/2025 жылғы маусымда барлық жүлделерді иеленді. Сондай-ақ, команда жазда Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының финалына шығып, "Челсиға" жол берген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » FIFA марапаты үшін 7 бапкер үміткері