Хамдам Собиров «Пешта» сөзінің мағынасын ашты

Әнші Хамдам Собировтен қазіргі таңда танымал болып жатқан «Пешта» әні туралы сұралды. Жанкүйерлер ән атауындағы «Пешта» сөзінің мағынасын әртүрлі жорып жатқаны, көпшілігі оның мағынасын әншінің өз аузынан естігісі келетіні атап өтілді.
«Сіздің трендке шығып жатқан «Пешта» әніңізді көпшілік әртүрлі мағынада жоруда. Осы туралы сұрағым келеді. Көптеген жанкүйерлеріңіз бұл сұрақтың жауабын өзіңізден естігісі келеді. «Пешта» сөзінің мағынасы не?» — деген сауал қойылды.
Хамдам Собиров бұл сұраққа былай деп жауап берді:
«Бір сұлу қыздың қайсарлығы. Қысқасы, трендтегі қыз десек, не деуге болады — ең сұлу және ең қайсар қыз. Алаулаған қыз», — деді әнші.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі пікірлерде кейбір қолданушылар «Пешта» тәжік сөзі екенін, «бәрінен озық» деген мағынаны білдіретінін жазған.



















Пікірлер 0
…