date

Чемпиондар Лигасының бас фавориті анықталды

Чемпиондар лигасының басты фавориті анықталды
Goal беделді порталының журналистері Чемпиондар лигасының төртінші турынан кейін жаңа фавориттер рейтингін жариялады. Оған сәйкес, бірінші орынға "Бавария" көтерілді.

Команда сейсенбі күні "ПСЖ"-ны қонақта 2:1 есебімен жеңген еді. Бұрынғы рейтингте бірінші орында болған "ПСЖ" үшінші сатыға түсіп кетті.

Екінші орынды "Арсенал" сақтап қалды. Топ-10 рейтинг келесідей қалыптасты: "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Барселона", "Реал", "Интер", "Галатасарай", "Ньюкасл".

Әсіресе, "Галатасарай"-дың тоғызыншы орында орналасуы біраз таңқаларлық. Еске салайық, өткен маусымда Чемпиондар лигасы кубогын "ПСЖ" жеңіп алған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Чемпиондар Лигасының бас фавориті анықталды