date

"Барселона" "Сельтаны" жеңіп, 2-орынға оралды (видео)

"Барселона" "Сельтаны" жеңіп, 2-орынға оралды (видео)

"Барселона" тағы да өз қақпасын "құрғақ" ұстай алмады. Бүгінгі "Сельтаға" қарсы ойында, 10-минутта Роберт Левандовски пенальтиді дәл орындап, есеп ашты.

Бірақ екі минуттан кейін қонақ команда футболшысы Серхио Каррейра жауап голын соқты. Осылайша, "көк-анарлылардың" "құрғақ" ойындарсыз сериясы жалғасуда - қазір бұл көрсеткіш 10 ойынға жетті.

Каталондықтардан Левандовски хет-трикке қол жеткізді, Ямал да гол соқты, Рэшфорд 2 ассисті өз есебіне жазды.

Флик командасы ұпай санын 28-ге жеткізіп, 2-орынға қайта оралды және көшбасшы "Реалмен" (31) айырмашылықты 3 ұпайға дейін қысқартты. "Сельта" 13 ұпаймен 13-орында қалды.

"Барселона" соңғы рет 21 сентябрьде "Хетафеге" қарсы 3:0 есебімен жеңіске жеткенде гол жібермеген еді.

Селта - Барселона 2:4

9 ноябрь, "Балайдос"

Голдар: Каррейра (11), Иглесиас (43) - Левандовски (10 пенальти, 37, 74), Ямал (45+4).

Сельта - Раду, Фернандес (Роман, 78), Старфельт, Алонсо, Мингеса (Родригес, 46), Сотело (Аль Абдуллауи, 78), Морибо, Каррейра, Ютгла (Сарагоса, 58), Дуран, Иглесиас (Аспас, 70).

Барселона - Шесни, Гарсия, Араухо, Кубарси, Бальде (Мартин, 86), Де Йонг, Ольмо (Кристенсен, 86), Фермин, Ямал (Берналь, 90+7), Рэшфорд (Торрес, 88), Левандовски.

Ескертулер: Кубарси (42), Де Йонг (79), Рэшфорд (87), Левандовски (89), Роман (90).

Алаңнан қуу: Де Йонг (90+4).

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Барселона" "Сельтаны" жеңіп, 2-орынға оралды (видео)