date

Гасперини: "Рома" чемпион болуы мүмкін бе?


«Рома» бас бапкері Жан Пьеро Гасперини команданың осы маусымдағы А Серия чемпионатағы чемпиондық мүмкіндіктері туралы ойымен бөлісті. Жексенбі күні римдік команда өз алаңында «Удинезені» 2:0 есебімен жеңді.

«Қасқырлар» турнир кестесінде 24 ұпаймен екінші орында тұр және тек қана доп айырмашылығы бойынша «Интерден» артта қалып отыр. «Жанкүйерлеріміздің скудетто туралы армандап жатқанын көріп қуаныштымын.

Қазіргі уақытта жалпы ұпай саны бойынша бірінші орындамыз – бұл бізге қуаныш және мақтаныш сыйлауда. Бірақ чемпиондық мүмкіндіктер туралы кейінірек сөйлесеміз», – деді Гасперини DAZN телеарнасына берген сұхбатында.

«Романың» келесі матчы 23 қараша күні «Кремонезеге» қарсы өтеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гасперини: "Рома" чемпион болуы мүмкін бе?