date

Раньери кетеді: «Ромада» ішкі келіспеушіліктер күшейді

Раньери кетеді: «Ромада» ішкі келіспеушіліктер күшейді

Италия футболында тағы бір елеулі өзгеріс күтілуде. «Рома» клубының басқарушы кеңесшісі Клаудио Раньери жақын күндері өз лауазымын қалдыратыны күтілуде. Бұл туралы сенімді инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желілер арқылы хабарлады.

Мәлім болғандай, бұл шешім кездейсоқ емес. Негізгі себеп – команданың бас бапкері Джан Пьеро Гасперинимен қарым-қатынаста туындаған елеулі қайшылықтар. Екі тарап трансфер саясаты бойынша бір тоқтамаған: бапкер құрамның сапасына риза болмаса, Раньери барлық шешімдер алдын ала келісілгенін айтып келген.

Бұл қайшылықтар маусымның шешуші кезеңінде одан әрі күшейді. Команданың нәтижелері тұрақсыз болуы, кейбір ойындарда күтпеген ұпай жоғалтулар ішкі ортадағы қысымды одан әрі арттырды. Нәтижесінде, клуб ішіндегі пікір қайшылықтары ашық жанжалға айналды.

Қазіргі уақытта А Серия кестесіне көз жүгіртсек, Италия А Сериясының 33 турынан кейін «Рома» 58 ұпаймен 6-орында келеді. Бұл нәтиже еурокубоктер үшін күресте жаман емес, бірақ клуб мақсаттары үшін жеткілікті деңгейде тұрақты деп айтуға болмайды.

Гасперини команданы 2025 жылдың жазынан бері басқарып келеді және одан үлкен нәтижелер күтілген еді. Алайда, әзірге бұл жоспарлар толық жүзеге аспай жатыр. Осы себепті басшылық ішінде де қысым артып отырғаны заңдылық.

73 жастағы Раньери «Рома» тарихында ерекше орын алатын маман болып саналады. Ол 2024 жылдың қараша айында команданы қабылдап, өткен маусымды сәтті аяқтаған еді. Сондай-ақ, ол бұған дейін де екі рет – 2009–2011 жылдары және 2019 жылдың көктемінде – римдіктердің бас бапкері ретінде қызмет еткен.

Қысқасы, «Ромада» тағы бір реформа кезеңі есік қағып тұр. Раньеридің кетуі тек бір тұлғаның кетуі емес, клуб ішіндегі стратегия мен басқару бағытында жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Ендігі негізгі сұрақ біреу: бұл өзгерістер команданы күшейте ме, әлде тағы бір белгісіздік кезеңін бастай ма?

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Раньери кетеді: «Ромада» ішкі келіспеушіліктер күшейді