date

"Реал Мадрид" қақпашысы Куртуа жарақат алды

Мадридтің Реал командасының голкипері Тибо Куртуа жарақат алды
Мадридтің "Реал" клубы ресми сайты арқылы қақпашы Тибо Куртуаның жарақаты туралы мәлімдеме жасады. 33 жастағы бельгиялық футболшы медициналық тексерістен өтіп, оның оң аяғының аддуктор бұлшық етінде жарақат анықталды.

Куртуаның қалпына келу уақыты әзірше белгісіз. Еске сала кетсек, жексенбі күні "Реал" Ла Лига 11-турында "Райо Вальекано" командасымен тең ойнады (0:0).

Алайда, Куртуа бұл кездесуде толық 90 минут алаңда өнер көрсетті. Хаби Алонсоның командасы қазіргі уақытта Испания чемпионатында көш бастап, "Барселонадан" үш ұпайға алда тұр.

"Реал" 23 қараша күні сырт алаңда "Эльче" командасына қарсы келесі кездесуін өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Реал Мадрид" қақпашысы Куртуа жарақат алды