date

Флорентино Перес "Реалдан" кетеді


78 жастағы Флорентино Перес Мадридтің "Реал" клубы президенті қызметінен мерзімінен бұрын кетеді. Бұл туралы журналист Пепе Альварес хабарлады.

Дереккөздің эксклюзивті ақпаратына сәйкес, испаниялық функционер "Ақ патшаларды" келесі жылы тастап кетеді, дегенмен оның өкілеттік мерзімі 2028 жылға дейін белгіленген. Еске сала кетейік, Перес 2009 жылдан бері "Реал" басшылығында қызмет атқарып келеді.

"Реал" осы маусымның 12-турынан кейін Испания Ла Лигасында 31 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Хаби Алонсоның командасы ең жақын қарсыластан үш ұпай алда келеді.

23 қараша күні "Ақ патшалар" сырт алаңда "Эльче" командасына қарсы ойын өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Флорентино Перес "Реалдан" кетеді