date

Куртуа: Мбаппе Роналдуға жетпейді


Мадридтің "Реал" командасының қақпашысы Тибо Куртуа командаласы Килиан Мбаппені клубтың бұрынғы жұлдызы Криштиану Роналдумен салыстырды. Португалиялық футболшы "Реал Мадрид" тарихындағы ең үздік шабуылшы атанған.

Қазіргі Мадрид клубының гол соғу машинасы Килиан Мбаппе жиі Роналдумен салыстырылады. "Мен Роналдумен "Реал" командасында бірге ойнамадым, бірақ олардың [Мбаппе мен Роналду] әртүрлі екенін білемін.

Криштианудың жеңіске деген ұмтылысы Килианнан да асып түседі", – деді Куртуа Madrid Universal басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетсек, француз футболшысы Мбаппе 2024 жылғы жазда "ПСЖ" командасынан "Реал" сапына еркін агент ретінде ауысқан болса, Роналду "Реал" құрамында 2009 жылдан 2018 жылға дейін ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Куртуа: Мбаппе Роналдуға жетпейді