date

Италиялық бұрынғы қақпашы Буффон 96 жасында қайтыс болды

Италиялық бұрынғы қақпашы Буффон 96 жасында қайтыс болды

Италия құрамасының, "Милан" және "Интер" клубтарының бұрынғы қақпашысы Лоренцо Буффон 96 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл туралы "Quotidiano Sportivo" басылымы хабарлады.

Ол атақты қақпашы Джанлуиджи Буффонның атасының немере ағасы болған. Лоренцо Буффон келесі туған күніне бір айдан аз уақыт қалғанда қайтыс болды.

"Милан" мен "Интер" клубтары Буффонды еске алуға арналған естелік жазбаларын өздерінің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерде жариялады. Ол 1949-1959 жылдары "Милан" сапында, ал 1960-1963 жылдары "Интер" сапында өнер көрсетті.

Мансабында 5 рет Италия чемпионы атанып, 1 рет Латын кубогын жеңіп алған. Италия құрамасы сапында 15 ойынға қатысып, 17 гол жіберген.

Футболшылық мансабын аяқтағаннан кейін Лоренцо бірнеше шағын командаларды жаттықтырды. Сондай-ақ "Милан" клубының сапында скаут қызметін де атқарған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Италиялық бұрынғы қақпашы Буффон 96 жасында қайтыс болды