
«Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Бернардо Силва Кевин де Брюйне командадан кеткені туралы алғаш рет қалай хабардар болғаны жайында айтып берді. Бельгиялық футболшы өткен маусымның соңында «қалалықтар» сапынан кетіп, жазда еркін агент ретінде Италияның «Наполи» командасына ауысқан еді.
«Кевин бұл туралы маған сол маусымның соңында айтты. Бұл өте қиын болды, себебі ол менің досым еді.
Біз сегіз жыл бойы бір командада ойнадық, және оның «Манчестер Ситиден» кетуін қабылдау оңай болған жоқ. Енді мен команда капитанымын, бұл үлкен құрмет», – деді Силва DAZN тілшісіне берген сұхбатында.
Кевин де Брюйне «Манчестер Сити» сапында он жыл бойы өнер көрсетті. Жақында 34 жастағы жартылай қорғаушы ауыр жарақат алып, алдағы айларда «Наполи» командасына көмектесе алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.