date

Гвардиола Доннаруммаға алаңдаулы


Джанлуиджи Доннарумма Англия Премьер-лигасы аясында "Лидс" командасына қарсы ойында маусымдағы төртінші сары қағазын алды. Келесі ескерту болса, футболшының дисквалификациясына алып келуі мүмкін.

"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиола Доннарумманың жиі сары қағаз алуына алаңдап отырғанын мәлімдеді. "Доннарумманың төртінші сары қағаз алуы сізді алаңдата ма?" деген сұраққа Гвардиола төмендегідей жауап берді: "Иә, мен көптеген нәрселерге алаңдаймын.

Бұл жағдай онсыз да күрделі." Бапкерден "Бұл туралы Доннаруммамен сөйлестіңіз бе?" деп сұрағанда, ол қысқа жауап берді: "Жоқ." Еске салайық, дүйсенбі күні Гвардиоланың баспасөз конференциясы небары екі минутқа созылды. Сейсенбі күні "Манчестер Сити" Премьер-лига сапар шегінде "Фулхэмге" қарсы ойын өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола Доннаруммаға алаңдаулы