date

Гимараеш: "Көңіліміз қалған"


"Ньюкасл" Англия чемпионатының 14-турында "Тоттенхэмге" қарсы ойында екі рет есепте алда болса да, екі рет гол өткізіп, үш ұпайдың орнына бір ғана ұпаймен шектелуге мәжбүр болды. Команда капитаны Бруно Гимараэш ойынның нәтижесіне қанағаттанбағанын жасырмады.

"Бұл ойын туралы айту өте қиын. Бәріміз қатты қапа болдық.

Қарапайым жағдайда допты айып алаңынан алшақтата алмадық. Алайда үмітсіздікке түсуге болмайды, бұл жағдайды өзгертуіміз керек.

Ойынның соңында мұндай голдарды жібермеуге тырысу қажет", – деп айтты Гимараэш BBC Sport-пен сұхбатында. Қазіргі уақытта "Ньюкасл" Англия чемпионатының турнир кестесінде 13-орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гимараеш: "Көңіліміз қалған"