"Манчестер Сити" барлық жарыстарда жеңіс үшін күресуде


Бұрынғы "Манчестер Сити" футболшысы Андрей Канчельскистің пікірінше, "қалалықтар" қатысып жатқан барлық турнирлерде жеңіс үшін күрес жүргізуде. Осы пікірін ол "Евро-Футбол" интернет басылымына берген сұхбатында айтты.
"Манчестер Сити" барлық турнирлерде жеңіс үшін күресуде. Бұл сөзсіз топ-клуб және нағыз чемпиондыққа ұмтылған команда.
Әрине, олар да басқа командалар сияқты кейде қателіктер жібереді, бірақ футболды мұндай жағдайларсыз елестету қиын," деді Канчельскис. Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде "Манчестер Сити" 28 ұпаймен екінші орында тұр.
Команда қазір бірінші орындағы "Арсеналдан" 5 ұпай артта қалуда. Чемпиондар лигасында болса Хосеп Гвардиола басқарған команда 10 ұпай жинап, тоғызыншы орынды иеленіп тұр.




















Пікірлер 0
…