date

Бавария клубы Майнға қызығушылық танытуда


Манчестер Юнайтед жартылай қорғаушысы Кобби Майнуға Германияның Бавария клубы қызығушылық білдірді. "Қызыл шайтандардың" бас бапкері Рубен Аморим 20 жастағы футболшыны негізгі құрамда көрмей отыр.

Осы себептен, жас футболшының биылғы жылдың жазынан бері басқа клубқа ауысуы мүмкін екендігі туралы қауесеттер тараған болатын. United Zone басылымының мәліметіне сәйкес, Майнудың тек Италия чемпионы Наполидің емес, сондай-ақ Баварияның да назарында екендігі айтылуда.

Соған қарамастан, Манчестер Юнайтед басшылығы қыс мезгілінде футболшыны сатуды жоспарламайтынын бірнеше рет мәлімдеген. Ақпараттарға сәйкес, Кобби Майну ойын тәжірибесін алу үшін жалға кетуді қалайды.

Transfermarkt порталы бұл футболшыны 45 миллион еуроға бағалаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бавария клубы Майнға қызығушылық танытуда