date

Эшпириту Санту: "Өте өкінішті, жеңісті уысымыздан шығарып алдық"


Ағылшын Премьер-лигасының 15-турында "Брайтон" мен Лондонның "Вест Хэм" клубтары тең ойын көрсетті – есеп 1:1. "Вест Хэм" бас бапкері Нуну Эшпириту Санту ойынға тоқталып, өз командасының жеңісті қолдан жібергенін айтып, бұл жағдайға қатты қынжылғанын білдірді.

"Иә, менің ойымша, біз жеңісті жіберіп алдық. Бірінші таймда жақсы ойнадық, гол соқтық және қарсыластың өз ойынын көрсетуіне мүмкіндік бермедік.

Ойынды бекітуіміз керек еді, бірақ бұл қолымыздан келмеді. Бұл бағытта әлі жұмыс істеуіміз қажет.

Өте өкінішті. Бұл тек мен үшін емес, футболшылар үшін де," деді Санту BBC Sport-қа берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта "Вест Хэм" АПЛ-дың турнирлік кестесінде 18-орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Эшпириту Санту: "Өте өкінішті, жеңісті уысымыздан шығарып алдық"