Жас футболшы Диоманде Еуропа алптарын қызықтыруда

19 жастағы "РБ Лейпциг" клубының вингері Ян Диоманде Еуропаның ең мықты клубтарының назарын аударды. Журналист Екрем Конурдың мәліметінше, "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" ойыншының даму барысын жақыннан бақылауда.
Сонымен қатар, "Арсенал", "Челси", "Бавария", "ПСЖ", "Барселона" және Мадридтің "Реал" клубтары да Диомандеге қызығушылық танытуда. Өткен аптада Диоманде "Айнтрахт" қақпасына хет-трик жасады.
Германия чемпионатының 13-турында "РБ Лейпциг" 6:0 есебімен жеңіске жетті, ал Диоманде Бундеслигадан 1965 жылдан бері ең жас хет-трик авторы атанды. Биылғы маусымда шабуылшы барлық турнирлерде 15 матчта ойнап, 7 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt мамандары Кот-д’Ивуардан шыққан футболшының құнын 20 миллион еуро деп бағалауда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз