date

Ривалдо Хаби Алонсоға жаңа клуб ұсынды


Танымал бразилиялық бұрынғы футболшы Ривалдо Хабиді Алонсо туралы пікір білдірді. Оның сөзінше, Алонсоның "Реал Мадридтен" кетуі мүмкін екендігі жайлы сыбыс таралуда.

"Мен Хаби Алонсоның "Реалда" қалуын үміт етемін. Ол тамаша бапкер және Германияда жақсы жұмыс жасады.

Алайда егер ол кетуге шешім қабылдаса, "Ливерпульге" өту дұрыс таңдау болар еді. Ол бұл клубты жақсы біледі, ол жерде ойнаған, және бұл көп нәрсені жеңілдетеді.

Ол бір беделді клубтан екінші беделді клубқа өтуі мүмкін. Жалпы алғанда, мен Алонсоның "Реалда" қалып, өзінің шеберлігімен барлығын сендіруін қалаймын.

Бұл үшін оған команданың қолдауы қажет", – деп Ривалдоның сөздерін One Football келтіреді. Хаби Алонсо "Реал Мадридті" жаз маусымынан бастап басқарып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ривалдо Хаби Алонсоға жаңа клуб ұсынды