date

Тонидің Англия Премьер-лигасына қайтпайтыны белгілі болды


Сауд Арабиясының "Аль-Ахли" клубының шабуылшысы Иван Тонидің қысқы трансфер кезеңінде Англия Премьер-лигасына оралуы екіталай. Бұл туралы talkSPORT хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Тонидің Англияға қайтуына қаржылық себептер кедергі болып тұр. Өткен жылы футболшы аптасына 456 мың еуро көлемінде жалақы белгіленген төрт жылдық арнайы келісімшартқа қол қойған еді.

Бұл келісімшарт салықтан босатылған. Алайда, Тони Англияға 2026 жылғы сәуір айына дейін оралса, Сауд Арабиясында тапқан кірісінің жартысынан, яғни 16 миллион еуро көлемінде салық төлеуге мәжбүр болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Тоттенхэм", "Эвертон" және "Манчестер Юнайтед" 29 жастағы футболшыны өз құрамына қосуға қызығушылық білдіргені хабарланған болатын. Осы маусымда Иван Тони барлық жарыстарда 18 матчқа қатысып, 12 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тонидің Англия Премьер-лигасына қайтпайтыны белгілі болды